Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков референдумда дауыс берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков референдумда дауыс берді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді. Мегаполис басшысы «Түркістан» сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қала әкімі учаскеге таңертең келіп, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес дауыс беру рәсіміне қатысты. Сайлау комиссиясының мүшелері оған бюллетень табыстап содан кейін әкім өз таңдауын жасады, бюллетеньді дауыс беру жәшігіне салды.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде республикалық референдум өтуде. Сайлау учаскелері таңертеңнен бастап ашылып, азаматтарды күні бойы қабылдауда. Ел тұрғындары жалпыұлттық талқылауға ұсынылған мәселе бойынша дауыс беріп жатыр.

Референдум – азаматтардың тікелей ерік білдіруінің бір түрі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіледі. Дауыс беруге сайлау құқығына ие барлық азамат қатыса алады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...