Референдум: Түркістан облысында арнайы фотоаймақтар ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Түркістан облысында арнайы фотоаймақтар ұйымдастырылды

Түркістан облысында референдум күні сайлау учаскелерінде арнайы фотоаймақтар ұйымдастырылған. Онда дауыс берушілер өз таңдауларын жасап қана қоймай, саяси науқаннан естелік суреттерге түсуге де мүмкіндік алып отыр.

«Ел ертеңі үшін аса маңызды саяси науқаннан естелік қалуы тиіс. Бұл күн тарихта қалары сөзсіз. Ал, осындай маңызды күннен жақсы естелік қалуы үшін жасалға фотоаймақ ерекше көңіл-күй сыйлады» — дейді Түркістан қаласының тұрғыны Гүлнар Қожахметова.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...