Референдум алдында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум алдында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына азаматтарға қоңырау шалып, алдағы референдумда «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS-кодты хабарлауды сұрайтын алаяқтық топтардың әрекеті туралы ақпарат түсуде.

Сонымен қатар, кейбір мессенджерлерде өздерін «онлайн-дауыс беруді ұйымдастырушымыз» деп таныстырып, Конституция жобасы бойынша референдумға қатысушыларды «тіркеуден өткіземіз» деп азаматтарды алдайтын хабарламалар таралуда.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: дауыс беру және оған қатысты рәсімдер азаматтарға телефон арқылы қоңырау шалуды немесе SMS-кодтарды сұратуды көздемейді. Референдумда дауыс беру тек тиісті учаскелерде, қағаз бюллетеньді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Орталық азаматтарды белгісіз тұлғаларға дербес деректерін бермеуге және тек Орталық, аумақтық немесе учаскелік сайлау комиссияларының ресми ақпараттық хабарламаларына ғана сенуге шақырады.

t.me/AntiFakeCenter

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...