Монша объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Монша объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында монша объектілерін басқару саласындағы кәсіпкерлерге арналған семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – монша нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, қолданыстағы нормативтік құжаттарды түсіндіру және кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарына нақты жауап беру болды.

Семинарға Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты. Қатысушыларға практикалық кеңестер беріліп, монша нысандарында жиі кездесетін кемшіліктерге ерекше назар аударылды.

Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Ботакөз Манабаева монша объектілерінде гигиеналық талаптардың бұзылуы қызмет көрсету сапасына және клиенттердің денсаулығына кері әсерін тигізетінін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпкерлер бұл кемшіліктерді болдырмау үшін алдын ала шаралар қабылдауы қажет.

Сонымен қатар, басқарма маманы Мұрат Раманқұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығына сәйкес, коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау маңызды екенін ескертті. Бұл талаптар моншалардағы қызмет көрсету сапасын арттыруға және тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

Семинар барысында кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі түсінікті жауап алды. Іс-шара тәжірибелік диалог алаңы ретінде ұйымдастырылып, монша нысандарында санитарлық талаптарды сақтау мәдениетінің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...