Түркістан: Шардарада армрестлингтен әлем чемпионына баспана кілті тапсырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Шардарада армрестлингтен әлем чемпионына баспана кілті тапсырылды

7 ақпан – «Шардара армспорт» клубының негізі қаланған күн. Осыған орай Шардара қаласындағы спорт кешенінде қол күресі спортынан Шардара ауданының ашық біріншілігі салтанатты түрде басталды.

Салтанатты шараға аудан спортшылары, ардагерлер, спорт сүйер қауым мен қонақтар қатысты. Жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімі, «Шардара армспорт» спорт клубының негізін қалаушы Арман Қарсыбаев қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

Өз сөзінде аудан әкімі армспорттың жастарды төзімділікке, табандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін маңызды спорт түрі екенін атап өтті.

Шара барысында еліміздің көк туын әлемдік және халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген «Шардара армспорт» клубының үздік спортшылары ерекше құрметке ие болды. Жыл қорытындысы бойынша бірқатар спортшыларға аудан әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар салтанатты жиында армрестлингтен жасөспірімдер арасында төрт дүркін әлем чемпионы Маманияз Жасурбекке «Шардара армспорт» спортшылары атынан 5 бөлмелі тұрғын үйдің кілті табысталды. Бұл – жас чемпионның ел намысын қорғап, биік белестерді бағындырған еңбегіне көрсетілген зор құрмет.

Айта кетейік, чемпионның анасы – көпбалалы, жалғыз басты ана, сегіз ұл-қыз тәрбиелеп отырған ардақты жан. Бұл қуаныш тек бір отбасының ғана емес, барша Шардара жұртшылығының ортақ қуанышына айналды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...