ҚР Ата Заңы жобасы: құндылықтарға негізделген жаңа Конституциялық модель — Xnews — ақпарат агенттігі

ҚР Ата Заңы жобасы: құндылықтарға негізделген жаңа Конституциялық модель

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы елдің конституциялық дамуына сапалы мазмұндық өзгерістер енгізуді көздейді. Жаңа редакцияда Конституцияның құрылымы жүйеленіп, Кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұратын нұсқаны бекіту ұсынылып отыр. Бұл құқықтық нормалардың айқындылығы мен қолданылу тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жобаның басты жаңалығы – Кіріспеде адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде алғаш рет айқындалуы. Бұл тәсіл Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі бағытын нақтылап, адамның қадір-қасиетін конституциялық деңгейде қорғауды күшейтеді.

Сонымен қатар, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде белгіленді. Егемендік пен тәуелсіздік, унитарлық сипат пен аумақтық тұтастық өзгермейтін конституциялық құндылықтар санатына енгізілді.

Алғаш рет Әділеттілік, Заң және Тәртіп, сондай-ақ табиғатты аялау қағидаттары Конституция деңгейінде бекітіліп, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының құқықтық негізін қалыптастырды. Бұл өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа жауапкершілік моделін орнықтыруға бағытталған.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...