Әділеттілік, Заң және Тәртіп: Жаңа Конституцияның негізгі құндылықтары — Xnews — ақпарат агенттігі

Әділеттілік, Заң және Тәртіп: Жаңа Конституцияның негізгі құндылықтары

Қазақстан 2026 жылы қабылданатын жаңа Конституцияда тарихта алғаш рет «Әділеттілік, Заң және Тәртіп» қағидаттары ресми түрде Конституция деңгейінде бекітілді. Бұл – елдің құқықтық жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеру және азаматтардың құқықтарын толық қорғау бағытындағы маңызды қадам. Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқын көрсетілген. Бұл құжат бойынша мемлекет қызметінің негізгі бағыты – азаматқа қызмет ету.

Құжатта қоғам бірлігі, ұлтаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі тірек ретінде танылды. Сондай-ақ, егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық – өзгермейтін, мызғымас құндылықтар ретінде Конституцияда сақталған. Биліктің бастауы Қазақстан халқы болып табылады, яғни халық – мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі.

Жаңа Конституцияда алғаш рет «Миранда қағидасы» бекітілді, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен мүддесін қорғауға бағытталған бірқатар кепілдіктер қарастырылған: Заңдардың азаматтардың жағдайын нашарлатуына немесе жаңа міндеттер жүктеуіне жол жоқ. Сот төрелігі принциптері: кінәсіздік презумпциясы және бір құқық бұзушылық үшін қайта жазалауға тыйым салу.

Құжат қоршаған орта мен табиғатты қорғау қағидатын конституциялық деңгейде бекітті. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы енгізілді. Дәстүрлі құндылықтар да назардан тыс қалмады: неке ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде айқындалған. Жаңа Конституция елдің тарихи дәстүрі мен заманауи талаптарын үйлестіре отырып, Қазақстанның құқықтық, әлеуметтік және мәдени даму бағыттарын айқындап отыр.

x

Check Also

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...