2026 жылғы конституциялық реформа: Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы — Xnews — ақпарат агенттігі

2026 жылғы конституциялық реформа: Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы

Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылды. Құжат елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және қоғам дамуының заманауи талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде айқындалды. Бұл бағыттар адами капиталды дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға негіз болады.

Сонымен қатар, реформаның маңызды жаңалықтарының бірі – цифрландыру саласын конституциялық деңгейде бекіту. Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты нормалар енгізіліп, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заманауи технологияларды пайдалану кезіндегі құқықтық тетіктер айқындалды.

Жалпы алғанда, жаңа Ата Заң қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мемлекетті дамытуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...