Улы газдан уланудың алдын алу туралы ескерту! — Xnews — ақпарат агенттігі

Улы газдан уланудың алдын алу туралы ескерту!

Құрметті қала тұрғындары Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Сіздерді жылыту маусымында табиғи газдан улану оқиғаларының жиіленуі бойынша ескертеді және Сіздерді қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Угар газы (немесе көміртек тотығы, СО) — түссіз, иіссіз және өте қауіпті газ. Сондықтан оны сезіну қиын, бірақ ол улануға және өлімге әкелуі мүмкін. 

Қауіпсіздік шаралары:
1. Жылыту құрылғыларын (пеш, газ плита, газды ағынды су жылытқыш) үнемі тексеріп отырыңыз.
• Пештерді, қазандықтарды және газ плиталарын уақтылы қарап, қызмет көрсетіңіз;
• Мұржаларды кемінде жылына 1 рет тазалап отырыңыз.
 
2. Желдетуді қамтамасыз етіңіз
• Үйдегі желдеткіштер арналарды (мұржаларды) мен шығатын желдеткіштердің ашық болуын қадағалаңыз;
• Вентиляция тесіктерін бітемеңіз. 
 
3. Құрылғыларды дұрыс пайдаланыңыз
• Газ плитасын жай ғана жылыту үшін қолданбаңыз;
• Газ жабдықтарын ашық қалдырып кетпеңіз. 
 
4.Газдабылқақышын орнатыңыз
• Үйге улы газды анықтайтын газ дабылқаққышын қойыңыз қауіпті ерте анықтауға көмектеседі. 
• Газдабылқаққышын жұмыс істеуін тұрақты бақылаңыз. 
 
Сұрақтарыңыз болған жағдайда 8 (7252) 52-02-42, 8701 333 40 15, 8771 165 08-49 Қалалық газ техникалық қызмет. 
Газ исі сезілсе 104 апаттық қызметіне хабарласыңыз.
x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...