Шымкенттік спортшы Софья Берульцева каратэден халықаралық турнирде чемпион атанды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева каратэден халықаралық турнирде чемпион атанды

Түркияның Стамбул қаласында WKF каратэден 2026 жылдың алғашқы Karate One премьер-лига турнирі мәресіне жетті. Әлемнің 65 мемлекетінен 400-ге жуық үздік спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте 3-орынды иеленді.

Ел қоржынында 2 алтын медаль бар.

Ұлттық құраманың көшбасшысы, шымкенттік Софья Берульцева әйелдер арасында кумитэ +68 кг салмақ дәрежесінде алты кездесу өткізіп, алтауында да жеңіске жетті. Ал финалда непалдық Арика Гурунгты 4:2 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша Софья Берульцева 2026 жылғы маусымды алтын медальмен бастады. Бұл – оның Премьер-лигадағы бесінші жүлдесі.

Айта кетейік, каратэден Премьер-лига санатындағы жарысқа әлемдік рейтингтегі ТОП-32 спортшылар ғана қатысады.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...