Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар тұрғын үймен қамтылуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар тұрғын үймен қамтылуда

Шымкент қаласында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бүгін Тұран шағынауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 24 отбасы коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтерлердің кілтін алды.

Жаңа қоныстанушылардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар.

Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады. Қала басшысы өз сөзінде тұрғын үй қорын жаңарту, халықтың әл-ауқатын арттыру және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру қала әкімдігінің негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Айта кетейік, коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін жалға берілетін пәтерлер заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, бекітілген тізімдер негізінде үлестірілуде. Жыл басынан бері қала бойынша бөлінген 235 пәтердің 187-сі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді.

Аталған шара әлеуметтік қолдаудың тиімділігін көрсетіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...