Шымкент: 46 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: 46 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталды

Шымкентте тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жоспарлы жұмыс жалғасуда. Соның аясында Асар-2 шағынауданында 46 отбасыға жалдамалы пәтер кілттері табысталды.

Бұл пәтерлер қаланың коммуналды тұрғын үй қорынан әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріліп отыр. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, толық емес отбасылар, ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелейтін отбасылар, көп балалы отбасылар, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтады, бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

«Азаматтарды қолжетімді және сапалы үйлермен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Баспаналы болу – әр отбасы үшін жай қоныс тойы ғана емес, тұрақтылықтың, болашаққа сенімнің және әл-ауқаттың негізі», – деді қала әкімі.

Жалпы, өткен жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін нарықтан 1 529 пәтер сатып алынды. Қазіргі уақытта олардың бір бөлігі балансқа қабылданып, қалғандарын тіркеу рәсімдері мен пәтерлерді «Отбасы банк» АҚ арқылы бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері бөлінге 235 пәтердің 117-сі тұрғындарға берілді. Бүгін тағы 46 отбасы пәтерлі болды, қалған пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға жуық арада беріледі.

Айта кету керек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Шымкентте 1 381 000 шаршы метр баспана пайдалануға берілген, бұл тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуын және Мемлекет басшысының халықты қолжетімді үймен қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларының жүзеге асырылуын көрсетеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...