Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде ашықтық пен бақылау күшейді — Xnews — ақпарат агенттігі

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде ашықтық пен бақылау күшейді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте азаматтарды амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіштері, 2026 жылға арналған жоспарлар және 2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалыбековтың мәліметінше, қазіргі таңда қаладаағы емханаларда 1,27 млн тұрғын тіркелген. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласында 60 медициналық ұйым жұмыс істейді: 14 мемлекеттік, 46 жекеменшік.

«Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында қаладағы медициналық ұйымдарда тегін дәрі-дәрмектерді QR-код арқылы алу жүйесі енгізілген. 2025 жылы 969 мыңнан астам рецепт жазылып, олардың шамамен 93 пайызы электронды форматта қамтамасыз етілді.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы ашықтық пен бақылауды күшейту мақсатында дәрілік заттарды таңбалау жүйесін енгізу жалғасуда. Орфандық және онкологиялық аурулары бар пациенттерді қолдау мәселесіне ерекше назар аударылуда. Қазіргі таңда қажет препараттарды жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын тізімге енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаевтың мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 381 900 шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Тұрғын үй құрылысының көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 26 пайызға артты. 3 817 пәтерден тұратын көп қабатты 66 үйдің 34-і (2 575 пәтер) пайдалануға берілді. Қалған нысандар 2026 жылға өтпелі болып отыр.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...