Шымкенттің инвестициялық дамуы: Тұрақты өсім мен айқын мақсаттар — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттің инвестициялық дамуы: Тұрақты өсім мен айқын мақсаттар

Шымкент қаласы соңғы жылдары инвестиция тарту бойынша тұрақты әрі жүйелі даму қарқынын көрсетіп келеді. 2023–2025 жылдар аралығында қала экономикасына жалпы көлемі 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл – өңірдің инвестициялық тартымдылығы артып, экономикалық әлеуетінің күшейіп келе жатқанын айғақтайды.

Аталған кезеңде тартылған инвестицияның 493 млрд теңгесі мемлекеттік (25%), ал 1 522 млрд теңгесі жеке инвестиция (75%) үлесіне тиесілі. Жеке сектордың белсенділігі қала экономикасының ашық әрі қолайлы инвестициялық орта қалыптастырғанын көрсетеді. Орташа жылдық өсім 11 пайызды құрап отыр.

Инвестиция көлемі жыл сайын тұрақты өсімге ие. Атап айтқанда, 2023 жылы – 662 млрд теңге, 2024 жылы – 768 млрд теңге, ал 2025 жылға 850 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл көрсеткіштер қаланың ұзақ мерзімді даму стратегиясының нақты нәтижесін байқатады.

Алдағы кезеңге қойылған мақсаттар да ауқымды. 2026–2030 жылдар аралығында 6,6 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. Осы бағытта қалыптасқан инвестициялық пулдың жалпы көлемі 4,6 трлн теңгені құрайды. Оның аясында 221 жоба іске асырылып, 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Инвестициялық жобалардың жүзеге асуы қала экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндіріс орындарын ашуға, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға және Шымкенттің республикалық деңгейдегі экономикалық орталық ретіндегі рөлін нығайтуға серпін береді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...