Шымкентте өндірістік аймақтар қарқынды дамып келеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте өндірістік аймақтар қарқынды дамып келеді

Шымкент қаласында өндірістік әлеуетті арттыру және экономиканы әртараптандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. 2025 жылға арналған жоспарларға сәйкес, қала аумағында жалпы саны 5 өндірістік аймақты дамыту көзделіп отыр.

Жоспарланған өндірістік аймақтардың жалпы аумағы 1 585 гектарды құрайды. Бұл аумақтарда 300-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалардың жалпы құны 900 млрд теңгеге бағаланып, нәтижесінде 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Аталған жоспар аясында қолданыстағы 3 өндірістік аймақты кеңейту қарастырылған. Атап айтқанда, «Ontustik» өндірістік аймағы 100 гектарға, сауда-логистикалық орталығы 136 гектарға, ал «Zhuldyz» өндірістік аймағы 155 гектарға ұлғайтылмақ.

Сонымен қатар, қалада 2 жаңа өндірістік аймақты құру жоспарланып отыр. Оның бірі – «Standart» өндірістік аймағы, жалпы аумағы 118 гектарды қамтыса, екіншісі – «Temir» өндірістік аймағы, аумағы 1 076 гектарды құрайды.

Бұл бастамалар Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа өндірістерді іске қосуға, кәсіпкерлікті дамытуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Өндірістік аймақтарды дамыту – қаланың әлеуметтік-экономикалық өсіміне серпін беретін маңызды қадамдардың бірі.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...