Шымкентте цифрлық инфрақұрылым және жасанды интеллекті дамыту жобалары іске қосылып жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте цифрлық инфрақұрылым және жасанды интеллекті дамыту жобалары іске қосылып жатыр

Өңірде интернет сапасын жақсарту және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында соңғы үш жыл ішінде 295 жаңа базалық станция орнатылып, 398 станция модернизациядан өтті. Бұл шара тұрғындар мен кәсіпорындарға тұрақты және жылдам байланыс қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Биылдан бастап «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Шымкент қаласында жасанды интеллектіні дамытуға арналған жобаларды іске асыру қолға алынды. Жобалар білім беру, денсаулық сақтау, қала әкімшілігінің қызмет көрсету жүйелерін цифрландыру, сондай-ақ кәсіпкерлік саласында инновациялық шешімдер енгізуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар өңірдің экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға қосымша мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні пайдалану қызмет көрсету тиімділігін арттырып, қаланың цифрлық трансформациясын жеделдетеді.

Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар өңірдің заманауи технологияларды енгізу бағытында алдыңғы қатарға шығуына септігін тигізеді.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...