Шымкентте 203 отбасы баспаналы болды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 203 отбасы баспаналы болды

Мегаполисте жаңа жыл қарсаңында 203 отбасыға Бозарық шағынауданынан баспана кілттері табысталды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа пәтер иелерін құттықтады, шаңырақтарына бейбітшілік пен молшылық тіледі.

Пәтерлер баспана кезегіндегі азаматтарға «Отбасы банк» АҚ арқылы «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдік шарттарымен берілді. Қоныстанушылар арасында ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар.

Қала әкімі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың маңызды бөлігі екенін және қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Айта кету керек, Бозарық шағынауданында мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асыру аясында 444 пәтерлі 12 тұрғын үй кешені салынуда. Қалған пәтерлер азаматтардың төлем қабілеттілігі тексерілгеннен кейін бөлінеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...