Шымкент: Қаратау: ауданда жаңа гүлзар ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Қаратау: ауданда жаңа гүлзар ашылды

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағын абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жоспарлы жұмыс жалғасуда. Таяуда аудан әкімдігі ғимаратының жанынан жаңа Қаратау гүлзары пайдалануға берілді.

Демеушілердің қолдауымен салынған гүлзар ауданның келбетін көркейтуге, жасыл аймақтың көлемін ұлғайтуға және тұрғындарға қолайлы демалыс орнын қалыптастыруға үлес қосып отыр.

Айта кетейік, биыл Қаратау ауданында жаңа 14 гүлзар салынды. Шапағат, Мирас, Алтын орда, Тұран, Қайтпас-1, Нұртас, Таскен, Нұрсәт шағынаудандары мен Сайрам, Шапырашты, Өтеміс тұрғын алабтарында демалыс орындары ел игілігіне берілген.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан аумағындағы қоғамдық кеңістіктерді кеңейтіп, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға, ауданның жалпы инфрақұрылымын жақсартуға септігін тигізеді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...