Шымкент: Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді! — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Шымкентте Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Қажымұхан атындағы орталық стадионының» аумағында жергілікті тауар өндірушілер, шаруа қожалықтар мен көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңке 30 желтоқсан күні таңғы 09:00-ден 15:00-ге дейінгі аралықта өтеді.

Жәрмеңкеде жемістер, көкөністер, ет өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік бұйымдар және тағы да басқа түрлі азық-түлік өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылатын болады.

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары, қажетті азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен алып, Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастауға мүмкіндік беретін ерекше шарадан қалыс қалмаңыздар!

Келіңіздер, таңдау мүмкіндігі мол!

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...