Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар іс-шараға Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Жиын аясында «Жасыл даму және орнықтылық», «Цифрлық трансформация мен өзара байланыс», «Қаржы, адам ресурстары және бизнеске арналған әлеуметтік жүйені дамыту» секілді тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Орталық Азия мен Жапонияның іскерлік орта өкілдері кездесулер өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары және «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумының қорытындысы бойынша қазақстандық тарап пен жапон бизнес құрылымдары арасында жалпы құны 3,72 миллиард доллар болатын 60-тан астам құжатқа қол қойылды.

x

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне, ...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент Касым-Жомарт Токаев назвал 23 октября в Акорде. Свой разбор он опубликовал ...