Түркістан: «Үлгілі ауыл» байқауының комиссия отырысы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: «Үлгілі ауыл» байқауының комиссия отырысы өтті

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Үлгілі ауыл» жобасы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл жоба облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

– «Үлгілі ауыл» байқауы – ауылдардың дамуына нақты серпін беретін маңызды жоба. Байқауға қатысу – ауыл әкімдері үшін үлкен мүмкіндік. Себебі үздік деп танылған ауылға бір әлеуметтік нысан салынады. Сондықтан әрбір ауыл әкімдігі белсенді болып, тұрғындарды жұмылдыру арқылы өз ауылын дамытуға мүдделі болуы тиіс, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – сәуір мен тамыз аралығында аудан көлемінде ұйымдастырылса, ал екінші кезең – облыстық деңгейде қыркүйек пен қараша аралығында жалғасын тапты. Биыл 16 аудан, қаладан 85 ауыл қатысты. Нәтижесінде байқаудың облыстық кезеңіне 16 ауыл (әр аудан, қаладан — 1) жолдама алып, тиісті материалдарды облыстық комиссияға ұсынды. Биыл да арнайы құрылған жұмысшы топ барлық елді мекенді аралап, жеңімпаз ауылды анықтайтын болады.

Айта кетейік, былтыр Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылы бас жүлдені жеңіп алып, үздік деп танылған болатын. Нәтижесінде 2,83 га жер телімі бөлініп, бүгінде ауылда заманауи спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан желтоқсан айында толық аяқталып, халық иігілігіне беріледі деп күтілуде. Биыл да байқау ережесіне сәйкес, байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысымен 4 жүлделі орын белгіленіп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...