Түркістан облысында мақта кластері дамып келеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында мақта кластері дамып келеді

Түркістан облысында тамшылатып суару әдісін пайдалану арқылы төрт ірі мақта өңдеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Түркістан облысына инвестициялар тарту, су үнемдеу технологияларын енгізу, егістік алқаптарын ұлғайту бағыттарында оң өзгерістер байқалады. Осы мақсатта бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин жұмыс сапарымен Отырар ауданындағы «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-ның заманауи мақта өңдейтін кластерінің құрылыс алаңында болды.

Сапар барысында холдинг төрағасы көпфункционалды кешеннің құрылыс жұмыстарымен танысып, Түркістан өңірінің өндірістік әлеуетін оң бағалады. Сондай-ақ тараптар агроөнеркәсіп саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Мақта кластерінде жылына 360 мың тонна шитті мақта өңдеу жоспарланған. Жалпы жоба құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Мұнда тұрмыстық және дайын тоқыма өнімдерін шығарылады. Жоба толық іске асқан жағдайда 4 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы аумағы 39 308 шаршы метрді қамтиды. Кешеннің инфрақұрылым жұмыстары жеке инвестор есебінен жүргізілуде.

Осы тұста Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы маңынан су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, мақта талшығынан жіп, мата және дайын тоқыма өнімдерін шығаратын жаңа зауыт салу жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінде Отырар өңірінде 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы мақта егілген. Алқап маңында салынатын төрт зауыттың екеуін биыл іске қосу жоспарланған, қалған екі кластердің құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...