Түркістан облысында интернет алаяқтыққа қатысы бар 4 мыңнан астам контент бұғатталған — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында интернет алаяқтыққа қатысы бар 4 мыңнан астам контент бұғатталған

Түркістан облысында биыл 10 айдың қорытындысы бойынша 661 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелді. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Ералыұлы мәлімдеді.

«Түркістан облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жыл басынан бері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше қылмыстық істерге қатысы бар 38 күдікті құрықталды. Олар азаматтарға жалпы сомасы 70 миллион теңгеден астам залал келтірген. Сонымен қатар, Астана қаласында орналасқан 68 дроптан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. «Антифрод-орталық» жүйесі арқылы биыл күдік келтіретін 1 288 тұлғаның есеп шоттарын бұғаттауға арнайы органдарға ұсыныс жолданды. Полиция Департаменті және Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті арасында жасалған меморандум аясында «Кибернадзор» жүйесі арқылы – 4 300 құқыққа қайшы контенттер бұғатталды. Одан бөлек, полиция қызметкерлері 4 000-нан астам оқушыға және 500-ге жуық педагогқа қаржылық қауіпсіздік және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша дәрістер өткізді»-деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...