Шымкент: Қазиев көшесінің жаңа бөлігін салу жобасы қарқынды жүруде

Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейін созылатын Қазиев көшесінің жалғасын салу жобасы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Ұзындығы 1,7 шақырым болатын жаңа жол төрт жолақты болып салынып, жобаны толық аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Бүгінде құрылыс алаңында асфальт төсеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазиев көшесін Төлеметов көшесіне дейін жалғастыру Өтегенов көшесі мен Бәйдібек би даңғылының жүктемесін азайтып, қала ішінде балама бағыт қалыптастырады.

Жоба іске асқаннан кейін Ақжайық және Шымсити шағынаудандарының тұрғындары қаланың орталығына тек Өтегенов көшесі арқылы ғана емес, Қазиев көшесінің жаңа бөлігі арқылы да кедергісіз қатынай алады. Бұл – қаладағы көлік қозғалысын оңтайландырып, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған маңызды бастама.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...