Шымкент: Алтынтөбені газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталып келеді

Шымкент қаласының Алтынтөбе (2-кезек) тұрғын алабын мемлекет тарапынан сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы қарқынды жүргізілуде. Ауқымды коммуналды-энергетикалық жобаның 2-кезеңін тапсыру 2026 жылдың І тоқсанына жоспарланған.

Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары әкімдік тарапынан бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Жауапты мамандар газ құбырларын тартып, қосылу нүктелерін орнатып келеді. Барлық инженерлік инфрақұрылым техникалық талаптарға сай кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Бұл жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, тұрмыстық қолайлы жағдай жасауға және экологиялық таза отын түрін пайдалануға мүмкіндік беруге бағытталған. Жоба іске қосылған соң 124 үй (мыңға жуық тұрғын) сапалы табиғи газбен қамтылатын болады.

Коммуналды игіліктерді қосу жұмысы Шымкент қаласы әкімдігінің Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тұрақты бақылауында. Негізгі мақсат – қала тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, қолайлы тұрмыс жағдайын қалыптастыру.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...