Республикалық «IQanat» Олимпиадасында Түркістан облысының 18 мыңнан астам оқушысы бақ сынап жатыр

Қазақстан бойынша ауыл балаларының басын қосқан «IQanat 2025» Олимпиадасының І туры аяқталды. Биыл бұл кезеңге оқушылардың рекордты саны тіркелген. Еліміздің 170 ауданы мен 3 300 ауылынан 64 мыңнан астам сегізінші сынып оқушысы қатысты. Оның 18 мыңнан астамы Түркістан облысының оқушылары.

Соның бірі Түркістан облысы Шолаққорған ауылындағы ағайынды Сұлтанмұраттар отбасы. Ағайындылардың кішісі Қазыбек Сұлтанмұрат Ы.Алтынсарин атындағы ауыл мектебінің 8-сыныбында оқиды. Ол биыл Олимпиадаға қатысып жатыр. Білім сайысына ағасына еліктеп қосылып, оның ізін басуды ұйғарған. Ағасы Жақсылық Сұлтанмұрат өткен жылы Олимпиаданың үш турынан да сәтті өтіп, топ-100 жеңімпаздың қатарына ілінген. Бурабайдағы «IQanat» мектеп-пансионатына грант жеңіп алған. Қазір ол үздік халықаралық бағдарламалар бойынша 10-сыныпта білім алып жатыр. Бұл – отбасы үшін үлкен көмек, өйткені, балалардың мектептегі оқу, жатын және өзге де шығындарын «IQanat» жобасының қамқоршысы болған кәсіпкерлер өз мойнына алады.

Олимпиаданың үш турынан да сәтті өткен жеңімпаздар меценаттардың есебінен Бурабайдағы «IQanat» мектеп-пансионатында тегін оқи алады немесе олимпиададан кейінгі 3 жылдық сүйемелдеу бағдарламасына қабылданады. Онда балаларды ҰБТ және халықаралық емтихандарға дайындайды. Атап айтқанда, ағылшын тілін тереңдетіп оқытып, ІТ, кәсіпкерлік және заманауи «soft skills» дағдыларын дамытады. Мұның бәрі жақсы жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға көмектеседі. Бүгінде «IQanat» – ауыл балаларының өз әлеуетін ашып, дамытуына көмектесетін 240 кәсіпкердің қауымдастығы. Жобаның арқасында «IQanat» түлектерінің 94%-ы Қазақстан мен шетелдің үздік жоғары оқу орындарына грант негізінде түсіп, бүгінде әлемнің 19 елінде білім алып жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...