Қазақстан – жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар еліне айналу жолында — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстан – жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар еліне айналу жолында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс» деген сөзі – еліміздің стратегиялық даму бағытын айқындайтын маңызды бағдар. Бұл бастама Қазақстанның әлемдік инновациялық кеңістікке енуін және жаңа технологияларға негізделген экономиканы қалыптастыруды көздейді.

Жасанды интеллект технологияларын денсаулық сақтау, білім беру, көлік, қаржы және ауыл шаруашылығы салаларында қолдану – экономикалық өсімді жеделдетіп, басқару жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтереді. Сонымен қатар, бұл бағыттағы реформалар елдің жаһандық технологиялық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Президент бастамасымен қабылданған «Цифрлық Қазақстан» және «Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы» ұлттық жобалары – еліміздің инновациялық дамуының негізін қалады. Алдағы жылдары Қазақстан интеллектуалды экономика мен жоғары технологияларға сүйенген озық елдердің қатарынан орын алуға ұмтылмақ.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...