Өндіріс өрнегі – еңбекпен келген бедел

Ташметов Алымжан Рахимжанұлы – өмір жолын адал еңбегімен өрнектеп, өндіріске бар күш-жігерін арнаған білікті маман. Ол 1986 жылдың 3 ақпанында Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта сол қалада, Линейная көшесі, 7-үйде тұрады.

Балалық шағы мен алғашқы білім қадамы туған өлкесінде өтті. 1993 жылы Шымкент қаласындағы №22 жалпы орта мектептің 1-сыныбына барып, кейін №17 Лермонтов атындағы мектепте оқуын жалғастырып, 2003 жылы орта білімін толық аяқтады.

Алымжан Рахимжанұлы еңбек жолын 2005 жылдың мамыр айында «Шымкентмай» акционерлік қоғамының механикалық цехындағы монтаждау бригадасында бастаған. 2006 жылы ескі экстракциялық цехқа күндізгі слесарь болып ауысты. 2007 жылдан бастап үшінші бригаданың ауысымдық слесары ретінде еңбек етіп, өндірістің алдыңғы қатарлы жұмысшыларының біріне айналды.

2010 жылы жаңа экстракциялық цех іске қосылған сәттен бастап, Алымжан Рахимжанұлы сол бағытта белсенді еңбек етті. 2012 жылы аппаратшы-түсіргіш және жабдықтарды реттеуші қызметіне ауыстырылып, бүгінде осы міндетін абыроймен атқарып келеді.

25 жылдық еңбек өтілі бар ол – өз ісін жетік меңгерген, еңбекке адал, ұжым арасында сыйлы, жас мамандарға үлгі боларлық жан.

Отбасында – сүйікті жар, төрт қыздың ардақты әкесі.

Ташметов Алымжан Рахимжанұлы сынды азаматтар – өндірістің өркендеуіне елеулі үлес қосып, қоғамға еңбектің қадірін ұғындырып жүрген нағыз еңбек адамдарының бейнесі.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығы туралы мәлімдеген еді.
«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз».

Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін қадап айтты.

«Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», — деді Президент.

Ал, Мемлекет Басшысы Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, тарихы терең қастерлі мекен екенін жеткізді.
«Халқымыз Шымкентті шырайлы шаһар деп атайды. Расында, бұл жердің ауа райы да, адамдары да өте керемет, ерекше деп айтуға болады. Қала тұрғындары өте еңбекқор, таза, іскер азаматтар. Осы жерде отырған әр азаматтың еңбегі мол. Мен баршаңызға шын көңіліммен ризашылығымды білдіремін.

Менің бірер жыл бұрын Шымкент халқымен кездескенім естеріңізде болар. Сол кезде айтқан сөзімді тағы да қайталап өткім келеді: «Береке дегеніміз – экономика, ал ынтымақ дегеніміз – саясат». Шын мәнінде, осы екі құндылық елімізді алға бастайды. Мұны Шымкенттің бүгінгі келбетіне қарап айтуға да болады», — деп айтқан еді.

Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...