Өз ісіне адалдық пен жауапкершілікті серік еткен, тәжірибелі маман — Тұрғанбаев Алмат Егемқұлұлы бүгінде апатты қалпына келтіру учаскесінің білікті слесарі ретінде ұжым арасында зор құрметке ие.
Тұрғанбаев Алмат Егемқұлұлы 1989 жылдың 13 қазанында Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, Үштөбе ауылында дүниеге келген.
2008 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетіне оқуға түсіп, 2011 жылы аталған оқу орнын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Білімін аяқтаған соң еңбек жолын жеке кәсіпкерлік саласында бастап, «А.Т.Е» жеке кәсіпорнын ашып, сауда және сантехникалық қызметтер көрсетумен, құрылыс жұмыстарымен айналысты.
Кейін түрлі мекемелерде еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтады:
2012–2015 жж. – Алматы қаласында «МУР-ТАЗ» ЖШС-де;
2016–2018 жж. – Шымкент қаласындағы «Стандард Сити» компаниясында;
2018–2019 жж. – «Шымкент газ монтаждау» мекемесінде;
2019–2021 жж. – Қарағанды–Теміртау қалаларында «Ki-Bay» ЖШС-де жұмыс істеді.
2024 жылдың 16 мамырынан бастап Шымкент қаласының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында апатты қалпына келтіру учаскесінің слесарі болып еңбек етуде.
Күнделікті жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын Алмат Егемқұлұлы әр істі сапалы әрі тиянақты орындауға тырысады. Іскерлігімен, еңбекқор мінезімен және сабырлылығымен ерекшеленіп, ұжым арасында сенімді қызметкер ретінде танылған.
Отбасында — сүйікті жар, үлгілі әке. 1996 жылы Төлеби ауданының тумасы Әбіхан Әйгеріммен отбасын құрып, бүгінде үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.
Тұрғанбаев Алмат Егемқұлұлы — адал еңбегімен абырой биігіне көтерілген, кәсібіне берілген азамат. Оның еңбек жолы — табандылықтың, ізденіс пен жауапкершіліктің айқын үлгісі.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
