Еңбек – елдің ертеңін жарқын ететін күш — Xnews — ақпарат агенттігі

Еңбек – елдің ертеңін жарқын ететін күш

Сүлейменов Нұрғали Еркінұлы 1974 жылдың 12 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Білім жолын 1981 жылы Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектепте бастап, кейін №37 Фурқат мектебінде жалғастырды.

1993–1994 жылдары Алматы қаласы, Бурундай елді мекеніндегі 8/ч 2177 шекара бөлімінде әскери борышын өтеп, ел алдындағы міндетін абыроймен орындады. Әскери қызметтен кейін кооператив саласында еңбек етіп, тәжірибесін жетілдірді.

2006 жылдың 6 сәуірінен бастап Көкшетау қаласындағы әскери бөлімде ішкі әскер қатарында қызмет атқарып, 2011 жылғы маусымда келісімшарт мерзімін аяқтады. 2015–2017 жылдары Шымкент қаласындағы «Водомер» ЖШС-де су есептегіш құралдарын орнату маманы (слесарь) болып еңбек етті.

2020 жылдан бері Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні Су шығынымен күрес жөніндегі инспекция бөлімінің инспекторы қызметін атқарады. Өз саласының талаптарын жетік білетін, жауапкершілігі мен еңбекқорлығымен ерекшеленетін маман ретінде ұжым арасында ерекше құрметке ие.

Нұрғали Еркінұлы 2014 жылы отау құрған. Жұбайы — Тлемисова Гүлдана, 1988 жылғы. Қызы — Сүлейменова Зере Нұрғалиқызы, 2016 жылдың 12 мамырында дүниеге келген. Отбасының берекесін, тәртібін басты орынға қоятын үлгілі әке.

Нұрғали Еркінұлы — адал еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және жауапкершілік мәдениетімен ерекшеленетін тәжірибелі қызметкер.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығы туралы мәлімдеген еді.
«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз».

Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін қадап айтты.

«Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», — деді Президент.

Ал, Мемлекет Басшысы Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, тарихы терең қастерлі мекен екенін жеткізді.
«Халқымыз Шымкентті шырайлы шаһар деп атайды. Расында, бұл жердің ауа райы да, адамдары да өте керемет, ерекше деп айтуға болады. Қала тұрғындары өте еңбекқор, таза, іскер азаматтар. Осы жерде отырған әр азаматтың еңбегі мол. Мен баршаңызға шын көңіліммен ризашылығымды білдіремін.

Менің бірер жыл бұрын Шымкент халқымен кездескенім естеріңізде болар. Сол кезде айтқан сөзімді тағы да қайталап өткім келеді: «Береке дегеніміз – экономика, ал ынтымақ дегеніміз – саясат». Шын мәнінде, осы екі құндылық елімізді алға бастайды. Мұны Шымкенттің бүгінгі келбетіне қарап айтуға да болады», — деп айтқан еді.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...