Түркістанда Кәсіпкерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Кәсіпкерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Биыл елімізде алғаш рет ресми түрде 29 қазан – Кәсіпкерлер күні болып бекітілді.

Осыған орай Түркістан қаласында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихаттың төрағасы, кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ өңірдің іскер қауым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өңір басшысы кәсіпкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған зор үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ол «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының жеңімпаздарын және кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартуда үздік нәтиже көрсеткен компанияларды марапаттады.

Мерекелік жиында облыстық мәслихаттың төрағасы, кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов те кәсіпкерлер қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасының бірлесе атқарып жатқан жүйелі жұмыстарының нәтижесінде өңірдегі бизнес ахуалының жылдан жылға жақсарып келе жатқанын айтты. Құттықтаудан кейін Нұралы Әлмаханұлы үздік кәсіпкерлерге марапаттар табыс етті.

Айта кетсек, облыста 216 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі қызмет етіп, облыстың дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Түркістан облысында кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында көлемі 2400 гектарды құрайтын жаңадан 11 индустриалды аймақ құрылып, олардың саны 20-ға жетті. Индустриалдық аймақтарда құны 152 млрд. теңгені құрайтын 98 инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде, жаңадан 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, бюджетке жылына 2,1 млрд. теңге салық түсіру көзделуде. Бүгінгі таңда 39 млрд. теңгені құрайтын 50 жоба іске қосылып, 2 603 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, 1 374 гектарды құрайтын арнайы экономикалық аймақтарда 155,3 млрд. теңгеге 13 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 2 мыңға жуық азамат жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады. Бұл аймақтар қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, кәсіпкерлерге заңмен көзделген салықтық, кедендік және тағы басқа қосымша жеңілдіктер қарастырылған.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қаржысын және уақытын тиімді пайдалану мақсатында 100 гектар аумақта шағын өндірістік парктер жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 152 өндірістік ғимарат салынып, 308 млрд.теңге инвестиция тартылмақ. Нәтижесінде, 6 мыңға жуық жұмыс орнын құру, бюджетке жылына 6,7 млрд. теңге салық түсіру көзделуде.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...