Түркістанда биыл 140 шақырымға жуық жол жөнделеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда биыл 140 шақырымға жуық жол жөнделеді

Түркістан қаласында көлік қозғалысын реттеу және тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Қазіргі таңда Бекзат тұрғын алабында ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу барысында жол негізін дайындау, ірі және ұсақ түйіршікті асфальт жабындысын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру, сондай-ақ бір жақты аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Отырар тұрғын алабында жалпы ұзындығы 24,6 шақырым болатын 28 көшені орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл көшелердің қатарында Шаян, Ойсылқара, Келес және оларға іргелес өзге де көшелер бар.

Айта кетейік, Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған. Биыл қосымша 138,5 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар толық орындалған жағдайда, қаладағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға жетеді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...