Президент Жолдауы: Цифрландыру мен жасанды интеллект – экономикалық дамудың басты бағыты — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент Жолдауы: Цифрландыру мен жасанды интеллект – экономикалық дамудың басты бағыты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы экономиканы жаңғыртудың негізгі тетігі ретінде цифрлық инновацияларды дамыту қажеттігін айтты.

Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы маңызды қадам – Цифрлық кодексті қабылдау. Кодексте жасанды интеллектті қолдану, платформалық экономика, Big Data (үлкен деректер) және өзге де цифрлық процестерді реттеу көзделеді.

Мемлекет цифрлық трансформацияны жүйелі түрде жүргізу үшін нормативтік-құқықтық негізді жаңартуға ерекше назар аударып отыр. Бұл бастама елдің технологиялық және экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...