Энергия саласындағы жаңғыру – тұрақты дамуға бастар жол — Xnews — ақпарат агенттігі

Энергия саласындағы жаңғыру – тұрақты дамуға бастар жол

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өтілгендей, әлемдік деңгейде транзит және энергия нарығында бәсеке күшейіп келеді. Мемлекет басшысы еліміздің бұл үдерістерде алдыңғы қатарда болуын қамтамасыз ету үшін алдын ала және жүйелі әрекет ету қажеттігін баса айтты.

Энергетика саласында қуат көздерін жаңғырту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып, жаңа қуат көздері іске қосылуда. Алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандарын пайдалануға беру жоспарланған.

Мемлекетіміздің басты мақсаты – экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрақты даму қағидаттарына негізделген энергетикалық жүйе қалыптастыру. Бұл бағытта қолға алынған шаралар ел экономикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашады.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...