Іскер әйелдердің басын қосқан өңірлік форум Шымкентте жоғары деңгейде өтті

Шымкент қаласында Іскер әйелдер кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әйел кәсіпкерлердің үшінші өңірлік бизнес-форумы» өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Форумға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері, Шымкент қаласы әкімдігі, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, «ASMAR» Қазақстан кәсіпкер әйелдері ұлттық қауымдастығының жетекшілері мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген бизнес-ханымдар қатысты. Жалпы қатысушылар саны 500-ден асты.

Форумның басты мақсаты – әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы әлеуетін арттыру, іскер әйелдер арасындағы тәжірибе алмасуды жолға қою және өңір экономикасының дамуына үлес қосқан кәсіпкер әйелдерді қолдау болды.

Шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтау сөз сөйлеп, іскер әйелдердің қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды.

– «Қазақ әйелдері – шаңырақтың ұйытқысы ғана емес, ел экономикасының да қозғаушы күші. Сіздердің табандылықтарыңыз бен еңбектеріңіз арқылы еліміздің кәсіпкерлік саласы дамып келеді. Шырайлы Шымкенттің өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. Істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді ол өз сөзінде.

Шымкент қаласында бүгінде әр екінші кәсіпкер – әйел адам. Олар сән индустриясын дамытып қана қоймай, өндіріс, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы мен білім беру саласында да белсенді.

Іс-шара барысында өңірдің экономикасына елеулі үлес қосқан белсенді қыз-келіншектер марапатталды. Сонымен қатар іскер әйелдерге арналған түрлі оқыту бағдарламалары, бизнес тренингтер, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылды.

Форум аясында ұйымдастырылған көрме ерекше әсер қалдырды. Мұнда нәзік жандар өз қолымен жасаған бұйымдарын, ұлттық нақыштағы киімдерін, хош иісті май шамдарын, сәндік бұйымдарын ұсынды. Жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырып, бизнес бағыттарын кеңейтудің тың тәсілдерімен бөлісті.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...