Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионатында топ жарған жерлестерімізді қабылдап, құрмет көрсетті.

Аудан басшысы халықаралық аренада ел абыройын асқақтатқан спортшылардың жетістігін ерекше атап өтіп:
“Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған барша спортшыларға алғыс айтамын. Сіздердің бұл жеңістеріңіз — тек ауданның ғана емес, бүкіл елдің жетістігі. Әлемді бағындыратын чемпиондарымыз көбейіп, көк туымыз әрқашан биікте желбірей берсін!” – деді Арман Қарсыбаев.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі «Шардара Армспорт» құрамасының спортшыларына алғыс хаттар, Шардара ауданының 60 жылдығына арналған мерекелік медальдар мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, еңбегімен еленген ардагер спортшыларға «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапаттар берілді.

Мелдеби шағын ауданының беделді ақсақалы, осы чемпионатта үш бірдей немересі жеңімпаз атанған Ибрагим Бектұрсынов жас спортшыларға батасын беріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...