31 қазан күні Шымкент қаласында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді!

Маңызды жаңалық!

31 қазан күні Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді!

Аталған акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.

Акция 31 қазан күні сағат 17:00-де «Көрме» орталығында өтеді.

Мемлекеттік органдар, үздік заңгерлер мен адвокаттар азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.

Мекен жайы: Н.Назарбаев даңғылы, №12 ғимарат.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Шымкент қаласының прокуратурасы, Әділет департаменті, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...