Түркістан төрінде тағы бір айтулы оқиға — «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің ашылуы! Көне Түркістан – тек тарих пен руханияттың ғана емес, ұлттық өнердің де ордасына айналуда.
Биыл Түркістан қаласы халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болды. Осыған орай 27 қыркүйек күні күндері
Түркістанда «ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» атты халықаралық фестиваль өтеді.
Ұлттық өнер — ұрпаққа мұра.
Шара аясында:
• Қолөнер бұйымдарының көрмелері
• Шеберлік сағаттары
• Ұлттық киімдер мен бұйымдардың жәрмеңкесі
• Түрлі мәдени-танымдық бағдарламалар өтеді.
Қалашық ішінде:
• 20 шеберхана
• 2 шоурум
• Көрме залы
• Мейрамхана
• Қонақүй
• Туристік инфрақұрылым қарастырылған.
Өтетін орны: Түркістан қаласы, Қолөнершілер қалашығы («Керуен сарай» кешенінің жанында)
Күні: 27 қыркүйек
Уақыты: сағат 12:00
Келіңіздер, көріңіздер, рухтаныңыздар!
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
