Түркістан: Отырарда ірі жобалар жүзеге асырылады

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және кәсіпкерлік саласы бойынша Отырар ауданы айрықша қарқынмен дамып келеді.

Аудандағы ірі жобалардың бірі – «Eliko Snacks» ЖШС-нің сублимациялық кептірілген жеміс өндіру жобасы. Бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, сондай-ақ ауданнан шығатын өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Жоба аясында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 100 кг өнім өңдеу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Ақтөбе ауыл округіндегі «Мұрат» шаруа қожалығының 5000 бас малға арналған бордақылау алаңының құрылысы басталды. 100 гектар аумақты құрайтын кәсіпорын іске қосылғанда аудан тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, ет өндірісінің көлемі артады деп күтілуде.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорын иелерімен кездесіп, жобаның тиімділігі мен маңыздылығына тоқталды. Ол кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетілетінін атап өтіп, ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласындағы осындай жобалардың аудан экономикасына серпін беретінін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...