Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген қорытынды бергеніне қарамастан 18 отбасыға негізсіз 3,1 млн теңге төлем жүргізілген.

Ал Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссия хатшысы мен ауылдық округ әкімінің орынбасары комиссия мүшелерінің атынан қол қойып, 56 өтініш бойынша жалған қорытындылар рәсімдеп, соның салдарынан 9,7 млн теңге мемлекеттің қаржысы мақсатсыз жұмсалған.

Бұл прокуратураның АӘК талдау жүргізу барысында анықталған, қаражатты қайтару және кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, қазіргі таңда қаралу сатысында.

Түркістан облысының прокуратурасы

x

Check Also

Шымкентте «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Шымкент қаласында қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға ден қою және олардың салдарын жою мақсатында екі күн бойы қалалық командалық-штабтық ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...