Түркістан: Нұралхан Көшеров Қазақстанның АҚШ-тағы құрметті консулымен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Нұралхан Көшеров Қазақстанның АҚШ-тағы құрметті консулымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстанның АҚШ-тың Аризона штатындағы Құрметті консулы Хью Холманмен және танымал триатлон шебері, Ironman спорт түрінен әлемнің 6 дүркін чемпионы Марк Алленмен кездесті. Кездесу барысында тараптар түрлі салалар бойынша әріптестік орнату жөнінде пікір алмасты.

– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Өңіріміз негізінен аграрлы аймақ болып есептеледі. Ауыл шаруашылығы саласында АҚШ-тың тәжірибесін енгізіп, әріптестік орнатуға дайынбыз. Туризм саласын дамытуда да үйренеріміз мол. Жалпы, инвестициялық жобаларды сүймелдеуге, қолдауға, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Білім саласы бойынша да әріптестік орнатуға мүдделіміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Қазақстанның АҚШ-тың Аризона штатындағы Құрметті консулы Хью Холман Қазақстан өзі үшін өте жақын мемлекет екеніне тоқталды.

– 1993 жылдан бері Қазақстанмен тығыз байланыстамын. Бұл елдің тарихымен таныспын. Адамзат жылқыны алғаш рет осы елде қолға үйреткен. Қазақстанда мәдени-рухани туризмді дамытуға мүмкіндік өте мол. Себебі тарихи ескерткіштеріңіз, бай мұраларыңыз көп. Ол саяхатшыларды қызықтыратыны сөзсіз. Мәселен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – әлемдегі керемет тарихи мұраның бірі. Одан өзге де көне қалалар, ескерткіштер бар. Екіншіден, Қазақстанда ауыл шаруашылығының да әлеуетін көтеруге болады. Ұсыныстарды талқылап, әріптестік орнатуға күш саламыз, – Хью Холман.

Ал Марк Аллен Түркістанда триатлон және өзге де су спорты түрлерін дамыту және спорт кластерін өркендету арқылы туристер тартуға болатынын жеткізді.

Кездесуде АҚШ өкілдеріне Түркістанның инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. Тараптар әріптестікті нығайтып, тереңдете түсуге уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...