Түркістан облысы мен Қытайдың Хубэй провинциясы арасында қол қойылған Жол картасы – екі өңір арасындағы сенімді әріптестіктің нақты қадамы. Бұл – жүзеге асатын нақты жобаларға толы іс-шаралар жоспары.
Бұл келісім не береді?
Инвестиция келеді. Қытайдың алпауыт өндірістік орталығы Хубэй – Түркістанда бірлескен жобаларды іске асыруға дайын. Бұл дегеніңіз – жаңа зауыттар, жұмыс орындары, табыс көзі.
Білім мен ғылым дамиды. Түркістан мен Ухань қаласының оқу орындары өзара келісіп, жастарға жаңа білім, шетелдік тәжірибе, академиялық алмасу мүмкіндігін ашты.
Ауыл шаруашылығы мен туризмге серпін береді. Екі өңірдің табиғи байлығы мен тарихи тамыры тереңде. Жол картасы осы салаларда бірлесе жұмыс істеуге жол ашады.
Технология мен жасыл энергия. Хубэй – экологияны бірінші орынға қойған аймақ. Түркістанда таза әрі тиімді энергия көздерін пайдалану тәжірибесі кеңеймек.
Өзара сауда артады. Түркістан өнімдері Қытай нарығына жол тартады. Бұл – біздің кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік.
Хубэй – Қытайдың экономикасы қарқынды дамыған, технологиясы озық провинцияларының бірі. Былтырғы жалпы ішкі өнімі – 840 млрд АҚШ доллары. Ал халық саны – 60 миллионнан асады.
Түркістан мен Хубэй арасындағы Жол картасы – жаңа дәуірге бастайтын болашақтың көпірі.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
