Түркістан: Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдоуси елді мекенінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ауқымды әлеуметтік жоба іске асырылуда.

Аталған жоба аясында 1 қабатты, әрқайсысы екі пәтерлі 48 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме – «Building Group – 1» ЖШС жүргізуде.

Жеке кәсіпкердің есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған соң, мемлекет тарапынан қарастырылған 1,5 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға барлық үйлер сатып алынады.

Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен арнайы танысты. Аудан басшысы нысанның сапасына, құрылыс қарқынына және жұмысшылардың еңбек жағдайына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мердігер компания өкілдерімен пікірлесіп, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу, жұмыс кестесінен кешікпеу қажеттігін қадап айтты.

Айта кетейік, бұл үйлер бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және тұрғын үйге мұқтаж өзге де санаттағы азаматтарға жалға берілетін болады. Осылайша, Фирдоуси елді мекенінде жаңа шағынаудан бой көтеріп, ауылдың әлеуеті арта түспек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...