Түркістан: Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан 2025 жылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен қарқынды жүзеге асырылып келеді.

Солардың бірі Шауғар секторына қарасты М.Абенова көшесінде жол құрылысы аяқталуға жақын. Жоба аясында екі жақтама жиектас орнатылып, ені 10 метр болатын жаңа асфальт жабындысы төселеді. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, Отырар секторындағы Яссы – Гаухар ана көшелері аралығындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда асфальт төсеу және бір жақтама аяқжол салу жұмыстары қарастырылған. Бұл жұмыстар да қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталмақ.

Бүгінде Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Жол сапасын арттыру және тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында 2025 жылы қосымша 138,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстар толығымен іске асқан жағдайда, қаладағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 70 пайызға жетпек.

Түркістан қаласы әкімдігі жол жөндеу жұмыстарының сапасына тұрақты бақылау жүргізіп, жобалардың уақытылы әрі талапқа сай орындалуын қамтамасыз ететін болады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...