Шымкентте су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды

Шымкентте «Цифрлық құралдар – су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараны қала әкімдігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Семинарға қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық ұйымдар, отандық және шетелдік компаниялар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен сумен жабдықтау саласының сарапшылары қатысты.

Жиын Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Президент өз сөзінде цифрландыру мен жаңа технологияларды пайдалану тиімділікті арттыру құралы ғана емес, елдің тұрақты дамуы мен халықтың өмір сапасын жақсартудың басты тетігі екенін ерекше атап өткен болатын.

Қала әкімінің бірінші орынбасары қарқынды дамып келе жатқан мегаполис үшін су ресурстарын тиімді әрі заманауи басқару мәселесінің айрықша маңызға ие екенін атап өтті.«Халық санының артуы, өнеркәсіптің дамуы және жаңа тұрғын алаптардың салынуы сапалы ауыз сумен қамтуды, тиімді кәріз жүйесін және сенімді инфрақұрылымды қажет етеді. Бүгінге дейін қолданылған дәстүрлі тәсілдер енді жеткіліксіз. Климаттың өзгеруі, тұтыну көлемінің және су шығынының өсуі – жаңа шешімдерді талап етеді. Сондықтан цифрлық құралдар мен автоматтандырылған жүйелерді енгізу – Шымкент пен тұтас ел үшін басымдыққа айналып отыр», – деді Айдын Кәрімов.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...