Шымкентте еңбек қауіпсіздігі мен заңнаманы сақтау шаралары күшейтілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық бөлімшесі шаһар мамандарына еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Комитет мамандарының айтуынша, басты назар жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын заң аясында реттеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Осы мақсатта білім саласының мамандарына кездесулер ұйымдастырылып, еңбек шартын электронды форматта ресімдеу, еңбекақының уақытылы төленуі, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының дұрыс реттелуі жөнінде әдістемелік кеңес берілді.

Азаматтардың еңбек құқығын қорғау бағытында сенім телефондары, қабылдау күндері және онлайн өтініштер қарастыру жүйесі жолға қойылған. Әрбір арыз-шағым дер кезінде қаралып, заңға сәйкес шешім қабылданады. Жиында арнайы тоқталған мәселелердің бірі Бірыңғай цифрлық платформа таныстырылды. Бұл әлеуметтік саланың барлық үдерістерін біріктіретін мемлекеттік ақпараттық жүйе екен.

Жаңа платформа азаматтарды тіркеуден бастап, әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау мен мониторинг жүргізуге дейінгі процестерді толық автоматтандыруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, жүйе халыққа көрсетілетін қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін және тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, бюджет қаражатының жұмсалуына ашық бақылау орнатып, жалған құжаттармен жұмысқа орналасудың алдын алуға мүмкіндік береді. Платформа денсаулық сақтау, білім беру, туризм және спорт салаларын қамтып, барлық ведомстволардың өзара іс-қимылын үйлестіруге негізделген.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...