Шымкент қаласының дамуы Smart City тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласының дамуы Smart City тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады

Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен компанияның Басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісім «Smart Shymkent» жол картасы шеңберінде пилоттық шешімдерді іске қосуды көздейді. Жайлы ортаны қалыптастыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық сервистерді тестілеу және интеграциялау жоспарлануда.

Жаңа жүйе инфрақұрылымды бақылаудың орталықтандырылған жүйесін құруға, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымын енгізуге, сондай-ақ қауіпсіздік процестерін автоматтандыруға, экологиялық жағдайды бақылауға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға ерекше назар аударылатын болады.

Мысалы, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы жолдарды жөндеуге, қоқыстарды шығаруға, жол белгілерін орнатуға мониторинг жүргізуге, сондай-ақ заңсыз құрылыстар мен қоқыс үйінділерін бақылауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, «Қазақтелеком» АҚ мұндай жобаны Ақмола облысында сәтті жүзеге асырды. Енді цифрлық шешімдер Шымкент қаласында кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Қала әкімі «Қазақтелеком» АҚ басшылығы мен мамандарына әріптестік үшін және озық технологияларды енгізуге әзірлігі үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ бірлескен жоба қалаға және оның тұрғындарына айтарлықтай пайда әкелетініне сенім білдірді.

Жол картасы аясында Шымкент қаласында заманауи цифрлық шешімдерге негізделген 13 пилоттық жоба жүзеге асырылатын болады. Олардың ішінде дрон инфрақұрылымы, жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелері, «ақылды» есептегіштер, экологиялық мониторинг, ұлттық бейнемониторинг жүйесі, медициналық ЖИ шешімдері («ЖИ-терапевт», CerebraAI), жол сапасын бақылау, GovTech платформасы, смарт-бейнежетондар, сондай-ақ азаматтарға арналған бірыңғай байланыс орталығы (Jardem 109) бар.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...