Шымкент қаласының әкімі нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап шықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласының әкімі нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап шықты

Шымкент қаласының әкімі «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы бірқатар өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен, қала басшысы аяқ киім өнімдерін шығаратын «Кирал Достық» (Kiral Dostyk) фабрикасына барды. Аталған кәсіпорын жылына шамамен 1 миллион жұп аяқ киім өндіреді және 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Өнімдері Ресей мен Қырғызстанға экспортталады. Қала әкімі жауапты сала мамандарына колледж студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізу мәселесін пысықтауды тапсырды.Сондай-ақ, әкім картонның ПКС маркасы мен дәретхана қағазын шығаратын «БумПром» ЖШС кәсіпорнының жұмысын көрді.

Кәсіпорынның тәуліктік қуаты – 50 тонна, мұнда 70 адам еңбек етеді. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына өнім өткізуге жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету тапсырылды.Бұдан бөлек, қала басшысы Қойкелді батыр көшесі үстімен өтетін теміржол көпірінің күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді.

Көпірдегі көлік қозғалысын осы айдың соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Құрылыс жүргізіп жатқан компанияға барлық құрылыс нормалары мен стандарттарын сақтай отырып, жұмысты жеделдету міндеті жүктелді.Әкім Әл-Фараби және Тұран аудандарындағы №1 және №2 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың жағдайымен де танысты. Оқу үдерісі мен материалдық-техникалық базаға талдау жасалды. Қала әкімі оқыту мен тәрбиелеуде жүйелі тәсілді сақтау және білім сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сапар барысында Арғынбеков пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында жаңадан абаттандырылған жасыл аймақтың жай-күйі де қаралды. Жалпы көлемі 2 200 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, жаңа қоғамдық кеңістік құрылған. Алдағы уақытта мұнда фонтан орнатылып, гүлзарлар саны көбейтіледі.Сонымен қатар, әкім Бәйтереков көшесінің күтімі мен тазалық деңгейін тексеріп, аудан әкімі мен Жайлы ортаны дамыту басқармасына көшенің тазалығын күшейтіп, қоқыс шығару жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...