Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды

«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында.

Халықаралық Шымкент әуежайынан 5 мемлекеттің 7 қаласына, атап айтқанда Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египет елдеріне тікелей әуе рейстері ашылды. Алғашқы сапар Мюнхен және Будапешт қалаларына бағытталды.

Жаңа халықаралық бағыттардың іске қосылуы Шымкентке келетін туристер легін арттыруға оң әсер етеді. Қазіргі уақытта SCAT әуекомпаниясының әуе паркінде 37 әуе кемесі бар. Оның 22-сі ішкі бағыттарға қызмет көрсетсе, 15 әуе кемесі халықаралық бағыттарда тұрақты қатынауда.

Енді шымкенттіктер мен қала қонақтары алыс және жақын шетелдерге тікелей Шымкент әуежайынан ұшуға мүмкіндік алады. Бұл жоба өңірдің көлік және туризм саласын дамытуға зор ықпал етеді.

Бұл бастама Шымкент қаласының инфрақұрылымын жақсарту мен халықаралық байланысты нығайту үшін маңызды қадам болып табылады. Әуе рейстерінің ашылуы тек туристерді тартумен шектелмей, сол арқылы өңірдің экономикалық дамуына да ықпал етеді. Шымкенттің көлік хабына айналуы – еліміздің оңтүстігі үшін маңызды стратегиялық қадам, себебі бұл өңірде бизнес пен туризмнің дамуына жаңа серпін береді.

Қала мен оның тұрғындары үшін бұл жаңалықтың тиімділігі зор. Олай дейтініміз, әлемнің әр түрлі аймақтарынан келетін адамдар үшін Шымкентті сапарларының бағыты ретінде таңдау ыңғайлы әрі қолжетімді болады. Сонымен қатар, халықаралық рейстердің артуы қаладағы қонақ үй, көлік және тамақтану салаларына жаңа мүмкіндіктер туғызады, ал бұл өз кезегінде жұмыс орындарының көбеюіне және жергілікті кәсіпкерлердің бизнесін кеңейтуге жол ашады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...