Шымкент дәрігерлері әлемнің озық медициналық орталықтарында біліктіліктілігін арттыруда

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың 19 қызметкері Ресей Федерациясының алдыңғы қатарлы клиникалық базаларының бірі – Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде кәсіби біліктілігін арттыруда.

Біліктілік арттыру бағдарламасы аясында мамандар «Неонаталды хирургия», «Балалар хирургиясы», «Балалар хирургиясындағы эндоскопиялық оталар» секілді маңызды тақырыптарды терең меңгерді. Бұл тәжірибе шымкенттік дәрігерлерге заманауи тәсілдерді игеріп, қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін тағы 33 маман Литва және Беларусияның жетекші клиникалық базаларында оқытылады. Олар «Акушерліктегі шұғыл көмек», «Акушерлік-гинекология тәжірибесіндегі ультрадыбыстық диагностика», «Онкологиялық патологиядағы паллиативті көмек», «Торакалды хирургия» тақырыптары бойынша білім алады.

Айта кетейік, 2024 жылы да шетелдік клиникалық орталықтарда 46 маман кәсіби деңгейін көтерген болатын. Бұл жұмыстар медицина саласында халықаралық тәжірибені кеңінен енгізуге және білікті кадрлар қатарын нығайтуға септігін тигізуде.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы алдағы уақытта да отандық медицина мамандарының үздік шетелдік орталықтарда тәжірибе алмасуын қамтамасыз етіп, қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды жалғастыратын болады.

Жақында: Нәрестелерге шұғыл хирургиялық көмек көрсететін бөлімше ашылды. Шымкент қалалық перзентханасында неонаталдық хирургия бөлімшесінің ашылуы – еліміздің неонатология саласындағы маңызды стратегиялық шешімдердің бірі.

Жаңа туған сәбилердегі туа біткен ақаулар мен күрделі патологиялар көп жағдайда алғашқы сағаттарда анықталып, шұғыл көмек көрсетуді талап етеді. Бұрын мұндай балаларды басқа көпбейінді ауруханаларға тасымалдауға тура келетін, бұл өз кезегінде уақыт жоғалту мен қауіп-қатердің артуына себеп болатын. Енді перзентхана базасында тікелей шұғыл ота жасау мүмкіндігі бар. Бұл – перинаталдық көмектің тиімділігі мен қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтереді.

Туа біткен аномалияларды дер кезінде анықтап, шұғыл хирургиялық жолмен емдеу. Шала туған нәрестелермен жұмыс істеуге бейімделген заманауи құрал-жабдықтар. Анестезиология мен реанимация қызметінің толық интеграциясы, Жоғары білікті неонаталдық хирургтар мен анестезиологтардан құралған команда.

Уақыт факторын қысқарту – жаңа туған сәбиге алғашқы сағаттарда көмек көрсету өмір мен өлімнің арасындағы шешуші фактор. Қауіпсіз тасымалдауға балама – ауыр жағдайда жатқан сәбиді тасымалдамай-ақ, қажетті көмекті бір жерде көрсету. Перинаталдық көмектің кешенділігі – акушер, неонатолог, хирург және анестезиологтың бірлескен жұмысы медициналық көмектің сапасын арттырады.

Бүгінде бөлімше дәрігерлері 7 сәбиге сәтті ота жасап, олардың өміріне араша түсті. Бұл – бір мекеменің шегінен тыс, жүйелік өзгерістердің белгісі. Неонаталдық хирургия бөлімшесінің ашылуы – тек бір мекеменің жаңалығы емес, бұл – денсаулық сақтау саласындағы жаңа кезеңнің бастауы. Болашақта мұндай тәжірибенің басқа өңірлерге де таралуы – ана мен бала өмірін сақтаудағы маңызды фактор болмақ.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...